Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАдвокат Инга Иманбай әскерде жараланған сарбаз Ербаян Мұхтардың денсаулығы туралы жаңалықпен бөлісті. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында Ербаянмен кездесіп, оның қазіргі жағдайын және емдеу барысын ата-анасымен талқылағанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Адвокаттың айтуынша, сарбаздың жағдайы тұрақты, Ыстамбұлға емделуге ұшқан кездегі жағдайымен салыстырғанда әлдеқайда жақсарған.
Қазір беті толысып, салмақ қосып қалған. Бір айдан кейін емнің екінші кезеңі – реабилитация басталады. Ербаян мен оның ата-анасына халықтың қолдауын жеткіздім, олар алғысын жаудырып жатыр. Біз бірге болып, Ербаянның толық сауығып кетуіне көмектесеміз!, – деп жазды Инга Иманбай.
Сонымен қатар, ол қылмыстық іс бойынша да әділеттілікке жету үшін күрес жалғасатынын атап өтті. Адвокаттың сөзінше, Ербаянды осы күйге жеткізгендер заң алдында жауап бермейінше, іс бақылауда болады.
Айта кетейік, Ербаян Мұхтардың ісі бойынша әлі күнге дейін ешкім күдікті деп танылмаған. Бас әскери прокурордың орынбасары Мақсат Қазиевтің айтуынша, кешенді жедел-тергеу шаралары әлі де жалғасуда, ал түпкілікті шешім сараптамалар мен тергеу нәтижелерінен кейін қабылданады. Бұл іс Бас прокуратура мен бас әскери прокурордың ерекше бақылауында тұр.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді