29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыНұр-Сұлтан қаласында ҚР Жоғарғы соты ғимаратының алдында өз-өзін өртемек болған ер адам 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz елорда сотының ресми сайтына сілтеме жасап.
– Биылғы 20 шілдеде азамат М. ҚР Жоғарғы соты ғимаратының алдында үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеуге оқталған. Оған қатысты «Ұсақ бұзақылық» (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. М.-нің түсініктемесі бойынша ол Түркістан облысының бірінші сатылы сотында бүгінгі күні қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша жәбірленушінің ағасы болып табылады, - делінген хабарламада.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот аталған азаматты кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алды.
– Сот жазаны қоғамға теріс әсер ететін және қоғамға құрметтемеушілік білдіруге бағытталған қасақана әрекеттің дәрежесі мен сипатын ескере отырып тағайындады, - деп түсіндіреді соттан. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек