Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматы облысы Ақсеңгір ауылында жергілікті тұрғын бір үйір жылқысынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицияға 39 жастағы ер адам 14 бас жылқысының жоғалғанын айтып шағымданған. Келтірілген шығын - 12 миллион теңге. Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Даниярдың айтуынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Нәтижесінде «ізін суытпай» күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жәбірленушінің ауылдасы болып шықты.
Күдікті ұрланған малды сатып үлгерген. Қазіргі уақытта жәбірленушіге жылқылардың бір бөлігі қайтарылды, ал ұрланған малды сатып алушыға қатысты тексеру жүргізілуде, – деді полиция бөлімінің бастығы.
Күдіктіге қатысты сот «қамауда ұстау» шарасы белгіленді. Полиция ер адамның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын тексеріп жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады