Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЭнергетика министрі Болат Ақшолақов «Әбу-Дабидің орнықты даму апталығы» саммиті (БАӘ) шеңберінде Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) орнықты инфрақұрылым тобының басшысы Нандита Паршадпен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы мәселелердің кең ауқымын, Қазақстанда ЕҚДБ энергетикалық жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады.
Әріптестер Қазақстанның жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту жөніндегі рөлін, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық тетігі арқылы ЖЭК объектілерін салуды таңдау жөніндегі жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында қатысушылар ЖЭК саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту туралы уағдаласты.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек