19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Еуропадағы Oktagon MMA промоушеніндегі мансабын аяқтауға шешім қабылдады. Спортшы ұйымның чемпиондық белбеуінен бас тартуға ниетті. Сондай-ақ ол 25 желтоқсанға жоспарланған жекпе-жекке шығу туралы ұсынысты қабылдамаған.
Жұмағұлов мұндай шешім қабылдауына лайықты қарсыластардың болмауы себеп болғанын түсіндірді. Оның айтуынша, тек осы ұйымда өнер көрсету үшін салмағын 56 келіге дейін түсіргісі келмейді.
«Мен Oktagon ұйымында енді жүз пайыз жекпе-жек өткізбеймін. Оларға чемпиондық белбеуді босататынымды айттым. Өйткені ол жақта лайықты қарсылас жоқ. Түсініксіз себептермен салмағымды 56 келіге дейін түсіргім келмейді. Егер Северино менің салмақ дәрежеме түссе, еш қиындықсыз жұдырықтасуға дайынмын. Маған 25 желтоқсанда жекпе-жек өткізуді ұсынды, бірақ бас тарттым», – деді спортшы Alypsok сайтына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов Oktagon MMA ұйымындағы алғашқы жекпе-жегін 2024 жылдың қарашасында өткізді. Ол дебюттік кездесуінде Уэльс өкілі Аарон Эбиді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.
2025 жылдың маусымында қазақстандық файтер грузиялық Бено Адамияны жеңіп, ұйымның чемпиондық белбеуін иеленді. Осылайша, Жұмағұлов Oktagon тарихында чемпион атанған алғашқы қазақстандық спортшы болды.
Сол жылдың желтоқсанында ол UFC ұйымының бұрынғы файтері Давид Дворжакты техникалық нокаутпен жеңіп, чемпиондық атағын сәтті қорғады.
Ал 2026 жылдың маусымында Жұмағұлов бразилиялық Игор Севериноға қарсы екінші чемпиондық белбеу үшін, яғни аса жеңіл салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізді. Алайда екінші раундта Севериноның қарсыласының шап тұсына тыйым салынған соққы жасауына байланысты кездесу нәтижесіз аяқталды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары