Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстанда жекеменшік білім беру секторының қарқынды өсуіне байланысты Оқу-ағарту министрлігі талаптарды қатайтпақ. Бұл туралы вице-министр Еділ Оспан «Курсивке» берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Министрлік өкілінің айтуынша, соңғы жылдары жекеменшік мектептер арасында сапасыз білім беру, мұғалімдердің біліктілігінің төмендігі, қосарланған қаржыландыру және ата-аналарды мемлекеттік тапсырыс жөнінде хабардар етпеу сияқты заңбұзушылықтар жиілеген.
Мемлекеттік мектептерде білікті педагогтардың үлесі орта есеппен 77% болса, жекеменшік мектептерде бұл көрсеткіш – шамамен 41%. Кейбірінде бұл деңгей 20–30%-дан аспайды. Бұл тікелей білім сапасына әсер етеді, – деді ол.
PISA халықаралық зерттеуі де жекеменшік мектеп оқушыларының негізгі дағдылары бойынша артта екенін көрсеткен: 2018 жылы оқу сауаттылығы бойынша – 13 баллға, 2022 жылы математикалық сауаттылық бойынша – 18 баллға төмен нәтиже тіркелді.
Вице-министрдің айтуынша, бүгінде жекеменшік мектептердің 40%-ы жалға алынған ғимараттарда орналасқан. Бұл – қауіпсіздік пен инфрақұрылым тұрғысынан тәуекел. Сондықтан министрлік лицензиялық талаптарға өзгеріс енгізіп, жалдамалы ғимараттарда мектеп ашуға тыйым салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырысты бөлу кезінде жаңа критерийлер енгізіледі. Ата-аналардың төлейтін ең жоғарғы ақысы мектептің жетістіктері мен мұғалімдердің біліктілігіне байланысты сараланады:
•халықаралық мектептер үшін – 2400 АЕК (9,4 млн тг);
•кемінде 25% «педагог-эксперт» дәрежесі бар және олимпиада жеңімпаздары бар мектептер үшін – 1200 АЕК (4,7 млн тг);
•қалғандары үшін – 250 АЕК (983 мың тг).
Жаңа талаптар 2026 жылдан бастап толық күшіне енеді. Ал 2025 жылы бұрынғы мөлшер сақталады, бірақ мектептерге бір жыл бейімделу мерзімі беріледі.
Еділ Оспан атап өткендей, мемлекет сапалы білім беретін, заңды сақтайтын және балалардың мүддесін басты орынға қоятын мектептерді ғана қолдауды жалғастырады.
Министрлік бұған қоса, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында тегін білім беретін жекеменшік мектептер салу моделін дамытуды көздеп отыр. Жаңа құрылыс нысандары мемлекеттік стандарттарға сай, қауіпсіз және заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді