Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыВасилий Жиров ұлттық құрама тізгінін алу туралы ойы болғанын, дегенмен оған ешкім мұндай ұсыныс жасамағанын алға тартты. Бұл туралы бокстан 1996 жылғы Олимпиада чемпионы «Бірінші бол» Youtube-арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
— Италиядағы іріктеу турнирі кезінде сіз ҚБФ басшылығының қасында жүрдіңіз. Сондықтан бәріміз сізді құрама сапынан көреміз деп ойладық. Бірақ іс жүзінде олай болмай шықты. Не кедергі болды?
— Ешқандай келісім жасалған жоқ. Мен де сөйлесеміз, талқылаймыз деген оймен келгенмін. Тіпті көшу туралы ойлай бастадым. Сөйтсем, ештеңе өзгерген жоқ. Қабылдау да болмады. «Келдің, жанкүйер болдың, енді үйіңе бара бер» деді. Мен таңғалдым. Шақыртқаннан соң қандай да бір ұсыныс жасайды деген үміт болған.
— Сізді кім Италияға шақырып еді?
— Ұлттық құрамадағы жігіттер. Басшысы Мүтәліп Шахмұрат шығар.
— Сізді бас бапкер болады деген сыбыс тараған. Ұсыныс түссе, келісуші ме едіңіз?
— Мен мұндай ұсынысты қарастырғаным рас, ұсыныс түссе, келісемін деп ойлағанмын. Қуана-қуана көмектесуші едім. Бірақ ұсыныс болған жоқ. Күтіп жүрмін, дегенмен әзірге бәрі тыныш.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді