19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?«Елбасы туралы» Конституциялық заңның күші жойылғаннан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұдан былай тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нұрсұлтан Назарбаевты Елбасы мәртебесінен айыру туралы заңға 2023 жылғы 15 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған.
Қазақстан Республикасы президентінің кейбір жарлықтарына енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін, – делінген Тоқаевтың жарлығының жобасында.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеге функцияларын жетілдіру, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің ант беру мәтініне және оны қабылдау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш президентінің қауіпсіздігін ұлттық қауіпсіздік комитетінің міндеттерінен алып тастап, тек президенттің қауіпсіздігін қалдыру жоспарланған.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары