20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин заң бойынша енді кімдерге партияның қатарында болуға тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Былтыр конституциялық реформа аясында мемлекет басшысы өз өкілеттігін атқаратын мерзімде ешқандай саяси партияның қатарында болмау керек деген ережені енгізу туралы бастаманы көтерді. Содан кейін Президент референдум қорытындысын күтпестен партия қатарынан шығып, төрағалықтан бас тартты. Осылайша Қасым-Жомарт Тоқаев реформаларды жүзеге асыруға табандылығын көрсетті. Яғни елдегі реформалардың мән-мағынасы бойынша Президент елдегі барлық саяси күштерден тысқары тұру керек. Бұл – басты қағидаттың бірі, - деді Ерлан Қарин «Amanat» атынан сайланған мәслихат депутаттарының республикалық форумында.
Ол заң бойынша конституциялық соттың, жоғарғы соттың және өзге де соттың төрағалары мен судьяларына, орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата төрағасы мен мүшелеріне қандай да бір партияның қатарында болуға тыйым салынатынын айтты. Одан бөлек, әкімдер саяси партияның филиалдарында төраға бола алмайды.
Осылайша елімізде жаңа саяси мәдениеттің негізі қаланып жатыр, - деді Мемлекеттік кеңесші.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?