22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыМәжіліс кулуарында ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Қазақстанда балаларды қорғауға бағытталған қандай шаралар ұсынылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Игорь Лепеханың айтуынша, «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасы аясында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасаған адамдарға қатысты бақылауды күшейту көзделіп отыр.
Бүгінгі таңда әр педофил түрмеден босатылғаннан кейін 8 жыл бойы ішкі істер органдарының әкімшілік бақылауында болады – бұл соттылықтың жойылу мерзімі. Біз енді осы бақылауды мерзімсіз ұзарту тәртібін енгізуді ұсынып отырмыз. Әр жарты жыл сайын біз сотқа жүгініп, бұл адам тарапынан осындай қылмысты қайта жасау қаупі бар екенін дәлелдеп, бақылауды тағы жарты жылға ұзартуды сұраймыз. Ең дұрысы, мұндай тұлғалар өмір бойы бақылауда болуы керек, – деді Лепеха.
Сондай-ақ, вице-министрдің сөзінше, құқық қорғау органдары мұндай адамдардың кей жерлерге баруын шектеу құқығына ие болады.
Біз, мысалы, оларға мектептер мен балалар мекемелерінің маңында жүруге тыйым сала аламыз. Бұл шектеулер сот арқылы бекітіледі. Егер олар сол аумақта көрінсе, әкімшілік бақылауды бұзғаны үшін жауапқа тартылады. Бұған әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар түнгі уақытта үйден шығуға тыйым салу сынды шектеулер де енгізілуі мүмкін. Бүгінде мұндай әкімшілік бақылау жүйесі бар, бірақ ол тек 8 жылмен шектеледі. Енді біз оны әлдеқайда ұзақ мерзімге кеңейтуді ұсынып отырмыз, – деп түсіндірді Игорь Лепеха.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев