Кеше, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізедіҚазақстанда азаматтарға арналған жаңа цифрлық сервис іске қосылды. Енді электрондық жеке медициналық кітапшаны eGov Mobile және Halyk мобильдік қосымшалары арқылы пайдалануға болады.
Жаңа сервис әсіресе декреттелген кәсіптерде жұмыс істейтін азаматтарға ыңғайлы болмақ. Енді олар қағаз түріндегі медициналық кітапшаны алып жүруге міндетті емес. Қажетті ақпаратты смартфон арқылы көрсету жеткілікті.
Министрлік мәліметінше, электрондық медициналық кітапша медициналық тексерулерден өту процесін бақылауды жеңілдетеді. Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына қызметкерлердің міндетті медициналық тексерулерден өту мерзімдерін қашықтан бақылауға мүмкіндік береді.
Егер жүйе азаматтың медициналық тексеруден өту мерзімі аяқталғанын анықтаса, қызметкерді уақытша жұмыстан шеттету бойынша тиісті шаралар қабылданады.
Санитариялық бақылау цифрланады
Қазақстанда санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бірыңғай цифрлық экожүйесі алғаш рет құрылды. Жаңа жүйе бірнеше маңызды бағытты біріктіреді.
Олардың қатарында:
Ведомствоның айтуынша, цифрлық шешімдер медициналық бақылау сапасын арттыруға, ақпарат алмасуды жеделдетуге және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін жақсартуға бағытталған.
Электрондық медициналық кітапшаның енгізілуі денсаулық сақтау саласындағы цифрландыруды дамытуға және қағаз құжат айналымын азайтуға мүмкіндік береді.
Кеше, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы