Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚытайдың автокөлік өндірісі соңғы жылдары технологиялық жаңалықтарымен таңғалдырып келеді.
Бұған дейін BYD компаниясының YangWang бөлімшесі U8 моделінің суда жүзе алатынын көрсетіп, көпшіліктің назарын аударса, енді Jetour бренді тағы бір қадам алға шықты. Олардың жаңа G700 моделі суда қалқып қана қоймай, арнайы винттердің көмегімен қозғалады.
Chery концернінің құрамына кіретін Jetour бренді G700 жол талғамайтын көлігінің арнайы нұсқасын – Ark Edition-ды таныстырды. Бұл нұсқаның басты ерекшелігі – көлік суға түскен кезде гибридті жүйе қуатты доңғалақтардан алып, электр жетекті винттерге бағыттайды. Соның арқасында көлік суда еркін қозғала алады.
Carscoops| Плавающий Chery Jetour G700 Ark Edition
Суда тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін инженерлер көлікке заманауи гироскопиялық тұрақтандыру жүйесін енгізген. Бұл «амфибияның» мүмкіндігі жақында ғана Бейжің маңындағы Яньци көлін кесіп өту кезінде көпшілікке көрсетілді. Өндірушінің айтуынша, мұндай функциялар негізінен төтенше жағдайларға, мысалы, су тасқынын еңсеруге арналған. Ал техникалық мүмкіндіктері ашық суда сенімді түрде маневр жасауға толықтай жетеді.
Өлшемі жағынан Jetour G700 Toyota Land Cruiser 300-мен бәсекелес бола алады. Алайда қуат көрсеткіштері бойынша ол әлдеқайда алда тұр: 2,0 литрлік турбоқозғалтқыш пен екі электр моторы бірге 892 ат күшін береді, ал айналу моменті 1135 Нм-ге жетеді. Көлік 0-ден 100 км/сағ жылдамдыққа небәрі 4,6 секундта жетеді. Сонымен қатар үш дифференциалды блоктау жүйесі оның жолсыз жерлерде де сенімді қозғалуына мүмкіндік береді.
Энергия тиімділігі де назардан тыс қалмаған. Көлік CATL компаниясының сыйымдылығы 31,4 кВт·сағ аккумуляторымен жабдықталған, ол тек электр қуатымен 150 км-ге дейін жүруге мүмкіндік береді. Ең маңызды артықшылықтарының бірі – жылдам қуатталуы: батареяны 20%-дан 80%-ға дейін бар болғаны 10 минутта зарядтауға болады. Жақын уақытта бұл модель Қытай нарығында сатылымға шығып, кейін әлемдік нарықтарға экспортталуы жоспарланып отыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді