19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы, қазақстандық Михаил Шайдоров өзінің ұзақ жылдар бойғы жаттықтырушысы Алексей Урмановпен ынтымақтастығы аяқталғанын мәлімдеді.
Спортшы бұл туралы Instagram парақшасында жазып, жаттықтырушысына алғысын білдірді. Оның айтуынша, Алексей Урмановпен бірге өткізген он жыл кәсіби мансабындағы маңызды кезең болған.
«12 жасымда үлкен арманмен, өз күшіме деген сеніммен және жетістікке жетуге деген ұмтылыспен оның жаттығу жиынына келген едім. Осылайша біз бір командаға айналдық. Бірге көпшілік сенбеген нәтижелерге қол жеткіздік», – деп жазды Шайдоров.
Олимпиада чемпионы осы жылдар ішінде жаттықтырушысымен бірге талай қиындықты еңсеріп, жарақаттар мен сәтсіздіктерді бастан өткергенін атап өтті.
«Он жыл ішінде Алексей Евгеньевич маған мол тәжірибесі мен кәсіби білімін берді. Менің дамуыма көп күш жұмсады. Оның арқасында спортшы ретінде ғана емес, тұлға ретінде де өстім. Осындай керемет жаттықтырушы, тәлімгер әрі шабыт беруші адамды жолықтырғаныма тағдырға ризамын», – деді спортшы.
Сонымен қатар Михаил Шайдоров алдағы жоспарларына тоқталып, спорттық мансабын жалғастыратынын жеткізді.
«Енді алға жылжитын уақыт келді. Алдымда жаңа кезең тұр. Ол оңай болмауы мүмкін, кейде қорқынышты да болар. Бірақ жаңа мақсаттар мен сын-қатерлер міндетті түрде болады. Елімнің намысын ең жоғары деңгейде абыроймен қорғау үшін бұрынғыдай аянбай еңбек ете беремін», – деп мәлімдеді Шайдоров.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алексей Урмановпен келісімшарттың тоқтатылғанын хабарлаған болатын.
Ресейлік маманның жетекшілігімен Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алып, 2025 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
Әзірге қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының келесі жаттықтырушысы кім болатыны хабарланған жоқ.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары