19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Елордада «Еңбек Жолы» қалалық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Биыл конкурсқа қатысуға 80 өтінім қабылданды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Конкурс қорытындысы бойынша «Үздік еңбек әулеті» номинациясында бірінші орынды «ҚТЖ» ҰК» АҚ Амангелдиновтер әулеті иеленді, еңбек әулетінің темір жол көлігі саласындағы жалпы жұмыс өтілі – 797 жыл.
«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясында бірінші орынды «Астана-РЭК» АҚ II санатты инженер Айнұр Байбатырова иеленді.
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында Астана қаласы әкімдігінің «№38 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК тарих пәнінің мұғалімі Гүлзия Иманбаева жеңіске жетті.
Қалалық кезеңінің жеңімпаздары «Еңбек жолы» конкурсының республикалық кезеңінде елорданың атынан шығады.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары