Ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеге көтеріледі

1 Қыркүйек 2023, 12:26 1323

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз бұған дейін уәде бергеніміздей, Үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп өсіре береді. Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырамын. Осылайша, біз еңбекақының ең төменгі мөлшерін үш жыл ішінде екі есе көбейттік, - деді Президент.

Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді. Жалпы, еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін Үкімет қысқа мерзімде 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарды бекітуі керек.

Жаңа экономикалық саясаттың қағидалары мен басымдықтарын нақты айқындаумен қатар, алдағы реформаларды сапалы әрі толық жүзеге асыру өте маңызды. Оның табысты болуы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігіне, жауапкершілігіне және саяси ерік-жігеріне тікелей байланысты, - деді Тоқаев.

Естеріңізде болса, еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев кітапхана қызметкерлерімен кездесу барысында 85 мың теңге адамның өмір сүруіне жетеді деген болатын. Көп ұзамай бұған қаржы министрі пікір білдірді

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: