7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов бір отбасының бір айлық шығынын есептеп, 85 мың теңгенің өте аз екенін айтып, дәлелдеп берді. Ол ең төменгі жалақының 300 мың теңге болуы керек екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент Үкіметтің ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп өсіре беретінін айтты. Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтерілді.
Алайда, қымбатшылық қысып тұрған нарықта бұл жалақыға қарызға батпай өмір сүру мүмкін емесін айтып, мәселе көтерген Ринат Зайытов бір отбасының айлық шығынын есептеп көрді.
Мен өткен жолы бұл сұрақты Светлана Жақыпова ханымның өзіне де қойғанмын. Сол кезде ол «Мен сіздің айтқаныңызбен, 85 мың теңге жетпейді дегеніңізбен келіспеймін» деген еді. Сол үшін әдейі есептеп, арнайы дайындалып келдім, - деді депутат.
Журналистер "Ең төменгі жалақы қанша болуы керек? Бюджет оны көтере ала ма?", - деп сұрақ қойды.
Министрліктер есептесін. Меніңше, 300 мың болуы керек. Қалай көтере алмайды? Сіз ұлттық компаниялардың басшылары, орынбасарлары айына жылына қанша премия алатынын білесіз бе? Жүздеген миллиондап алады. Неге соны ретке келтірмейді?, - деп жауап берді Ринат Зайытов.
Айта кетейік, депутаттың отбасының бір ай көлемінде азық-түлік, коммуналдық төлемдер, несие, балабақша және тағы басқаларына кететін шығын көлемін қалай есептегенін жазған едік.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?