Бүгiн, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?21 желтоқсанда Жер шарында қысқы күн тоқырауы болады. Бұл – жыл ішіндегі ең қысқа күн мен ең ұзақ түн түсетін астрономиялық құбылыс. Осы күннен кейін күн ұзақтығы біртіндеп артып, түн қысқара бастайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Астрономдардың түсіндіруінше, қысқы күн тоқырауы Жер осінің Күнге қатысты еңкіш орналасуына байланысты болады. Осы уақытта Күн сәулесі солтүстік жарты шарға ең аз түседі. Қазақстан да солтүстік жарты шарда орналасқандықтан, дәл осы күні жарық уақыты ең аз болады.
Халықтық күнтізбеде бұл кезең қыс ортасының басталуымен байланыстырылады. Көптеген мәдениеттерде қысқы күн тоқырауы жаңару мен үміттің символы ретінде қабылданған. Себебі осы күннен кейін Күн «кері бұрылып», жарық уақыты ұлғая бастайды деп есептеледі.
Мамандар қысқы күн тоқырауынан кейінгі апталарда күннің біртіндеп ұзаратыны байқалғанымен, қатты суықтар әлі де сақталуы мүмкін екенін ескертеді. Астрономиялық тұрғыда көктемгі күн мен түн теңелуі 20-21 наурызда болады.
Қысқы күн тоқырауы – табиғаттың заңды айналымын еске салатын маңызды астрономиялық кезеңдердің бірі.
Бүгiн, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай