20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҰлттық статистика бюросының ресми мәліметі бойынша, 2022 жылы ең жоғары кедейлік деңгейі Түркістан (8,5%) және Маңғыстау (8,1%) облыстарында тіркелді. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 5% (986 587 адам) құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2022 жылғы IV тоқсандағы кедейлік деңгейінің ең азы – Астана қаласында (2,1%) және Ұлытау облысында (2,2%) (бағалау деректері) тіркелді.
Өңірлер бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі*
процентпен
* Абай, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша бағалау деректері келтірілген.
Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2022 жылғы IV тоқсанының қорытындысы бойынша 8,9%-ды құрады, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық.
Үй шаруашылықтарының көлеміне байланысты табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі
процентпен
Кедейлік деңгейі -тұтынуға пайдаланылған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халық санының халықтың жалпы санына пайызбен өлшенген қатынасы. ҚР бойынша 2022 жылғы IV тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 45 623 теңгені құрады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?