13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАлматыға Emirates SkyCargo компаниясының алғашқы жүк рейсі келді. Бұл - Emirates SkyCargo-ның Орталық Азиядағы алғашқы бағыты.
16 маусымда Emirates SkyCargo ( Emirates әуе компаниясының еншілес ұйымы ) жүк тасымалы Дубай – Алматы бағыты бойынша Boeing 777F ұшағымен алғашқы рейсін орындады. Алматы халықаралық әуежайы алғашқы жүк рейсін авиациядағы дәстүрлі су доғасымен қарсы алды. Қызметкерлер экипаж мүшелерін салтанатты түрде күтіп алып, тұсаукесер рәсімін өткізді.
Алматы – Дубай – Алматы бағыты бойынша апталық жүк рейстері әр сейсенбі күні орындалады. Әуе компания аптасына 100 тоннадан астам жүк тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл Алматы мен халықаралық нарықта электроника, тез бұзылатын өнімдер, өнеркәсіптік жабдықтар және басқа да тұтыну тауарларын қоса алғанда, әртүрлі жүк түрлерін тиімді әрі үздіксіз тасымалдауға мүмкіндік береді.
Алматы халықаралық әуежайы Emirates SkyCargo компаниясының Орталық Азиядағы алғашқы бағытына айналды.Жаңа жүк бағытының іске қосылуы Қазақстанның логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, Орталық Азия, Таяу Шығыс және әлемнің басқа өңірлері арасындағы көлік-логистикалық байланыстарды нығайтады.
БАӘ-ге жұмыс сапары барысында Emirates әуе компаниясының басшылығымен кездестім. Авиация, жүк тасымалы және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқыладық. Әріптестерімізге сенім мен серіктестік үшін алғыс білдіремін. Бірлескен жұмыс Қазақстан мен БАӘ арасындағы көлік-логистика байланыстарын одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін, – деп жазды Instagram-да Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Әсел Жанасова
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды