Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЕлорданың 25 жылдығына орай Астана қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен ашық аспан астында «Аялаған Астана» гала-концерті өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Аялаған Астана» – дарынды балаларды сахна өнерінің барлық құпиялары мен шоу-бизнес негіздеріне үйрететін еліміздің жас жұлдыздарының нағыз фабрикасы. Жоба тәлімгерлері – режиссура, вокал, хореография, актерлік кәсіп, имидж және стиль шеберлері. Жобаның арқасында қатысушылар шығармашылық ортада болып, керемет кәсіби тәжірибені үйрену мүмкіндіктеріне ие болады. Бүгінгі күні «Аялаған Астана» жобасы нағыз ұлттық брендке айналды, - делінген мәліметте.
Республикалық балалар байқауы 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – аймақтар бойынша іріктеу, екінші кезең – финал. Байқауда 8 бен 12 жас аралығындағы балалар эстрадалық-вокалдық жанрында өнер көрсетіп, бақтарын сынайды.
«Аялаған Астананың» алғашқы кезеңі 2013 жылы өткен, содан бері 9 кезең сәтті өтті. «Аялаған Астана» жобасы арқасында көптеген жұлдыздар, олардың ішінде Болат Батырбаев, Мұхамедали Жүгінісов, Данелия Төлешова, Жәнел Сәдуақас сынды жас өнерпаздар танылды. «Аялаған Астана» жобасының жеңімпаздары мен лауреаттары беделді халықаралық фестивальдарда өнер көрсетіп жүр.
Айта кетейік, Астана күніне орай маусым-шілде айлары аралығында қала күнін мерекелеуге 100-ден астам іс-шара жоспарланып, жүзеге асырылып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова