Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАстаналық полицейлер 9 алаяқтық эпизодқа қатысы бар күдікті әйелді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Полицияға жергілікті тұрғын бейтаныс әйелге қатысты арызбен жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Нұра ауданының криминалдық полиция қызметкерлері 45 жастағы азаматшаны ұстады. Ол жылжымайтын мүлік алуға көмектесемін деген сылтаумен жәбірленушінің ақшалай қаражатын алдап алған.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті әйел өзінің қаржылық жағдайын жақсарту мақсатында “табыс табу жоспарын” ойлап тапқан. Жәбірленушінің сеніміне кіріп, өзін риэлтор ретінде таныстырып, тиімді шарттармен пәтер сатып алуға көмектесемін деп уәде берген. Өз үйі жоқ, жалдамалы пәтерде тұрып жатқан жәбірленушіеер оның ұсынысына сеніп, ақшасын берген. Келтірілген материалдық шығын көлемі – 40 миллион теңге.
Тергеу нұсқасы бойынша күдіктінің осындай 9 алаяқтық эпизодқа қатысы бар. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер