Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕлордада 15 учаскелік сайлау комиссия мүшелері Гауһар Айтпаева мен Мөлдір Абишева мүгедектер, ардагерлер мен зейнеткерлердің үйін аралап, дауыстарын жинады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда тұрғыны 67 жастағы Қамбар Наурызбай денсаулығына байланысты кезектен тыс президент сайлауына дауыс беру үшін алдын ала 15 сайлау учаскесіне өтінім хат жолдап, үйден дауыс берді. Дауыс беру кезінде барлық талаптар мен ережелер сақталды.
“15 сайлау учаскесіне 43 өтінім хат келіп түсті. Қазіргі таңда 20 үйді аралап, өтінім хат жолдаушылардың дауыстарын жинадық. Жұмысымыз кешкі сағат 20:00-ге дейін жүргізіледі. Дауыс берушілердің көңіл-күйі мен белсенділігі жоғары екенін байқадық”,- деді Гауһар Айтпаева.
Дауыс беру кезінде тұрғынның жеке құжаты тексерілді.
Мүгедектер үшін олардың жақын туысы бюллетен қағазын толтыруға көмектесуге мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, тұрғын дауыс берген соң естелік суреттеріне түсті.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді