23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСоңғы күндері қардың толассыз жаууына байланысты қаладағы барлық ауданда коммуналдық қызмет күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Соған байланысты елордалық волонтерлер қар күреу жұмысына жұмылдырылған мамандарға ыстық шай мен бауырсақ таратты. Волонтерлер қаланың барлық ауданында осындай іс-шара өткізіп жатыр.
Бізге үнемі қолдау көрсететін волонтерлерге алғыс айтамын. Бүгін, міне, бәріміз қар күреп жатырмыз, жұмыс өте көп. Осындай жылу сыйлап жатқандарыңыз үшін көп рахмет, - деп жұмысшылардың бірі жастарға алғысын айтты.
Сонымен қатар Астана волонтерлері зейнеткерлер мен ерекше қажеттілігі бар азаматтардың үйінің маңын қардан тазартуға көмектесті. Мұндай акция қаладағы барлық 5 ауданда басталды. Қысқы маусым басталғанға дейін орталық мамандары аудандық әкімдіктерден көмек қажет азаматтардың тізімін алып, сол бойынша жұмыс істейді. Кейбір тұрғындар әлеуметтік желі арқылы волонтерлерден көмек сұрайды. Бүгін волонтерлер жеке тұрғын үй секторындағы бірқатар үйдің ауласын қардан тазарты.
Волонтерлер қыс уақытында қар күреумен қатар, тұрақты түрде азық-түлік себеттерін тарату, отын жару және ауа райы қолайсыз кезде шай ұсыну сияқты көмек көрсетіп тұрады.
Волонтерлердің айтуынша, қайырымдылық акциясы қыстың соңына дейін жалғасады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады