Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстаналық әйел үй ауласынан тауып алған банк картасындағы ақшаны қалағанынша жұмсаған. Ол оңай олжаға азық-түлік сатып алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
59 жастағы әйел мобильді қосымшада банк картасы арқылы әртүрлі дүкендерден сатып алу туралы көптеген хабарламаларды көрген. Содан ол бірден полицияға арызданған. Айтуынша, бір күн бұрын банк картасын жоғалтып алыпты.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер заңсыз әрекетке барды деген күдікпен Астана қаласының 47 жастағы тұрғынын ұстады. Күдіктінің айтуынша, ол банк картасын үйдің ауласынан тауып алған. Әйел адам карта иесін іздемей, одан ақша жұмсауды шешкен көрінеді. Осылайша ол екі күн бойы жергілікті дүкендерден азық-түлік сатып алған. Материалдық шығын 50 мың теңге құрайды. Оның бұл әрекеті дүкендердегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындады,-деп атап өтті полициядан.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады