23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстана қаласының спортшысы Әділбек Мусин Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында жүзуден екінші медальды қанжығасына байлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әділбек Мусин 50 метр қашықтықта баттерфляй әдісімен суға жүзуден 23,44 секунд уақыт көрсеткішін көрсетіп, үшінші орын иеленді.
Су спорты федерациясының президенті Андрей Крюков Ханчжоуда өткен Азия ойындарында сәтті өнер көрсете білген Әділбек Мусинді құттықтап, алғыс білдірді.
Алтын медальға кішкене ғана жетпей қалды, ештеңе етпейді, жұмыс істейтін боламыз. Әділбек күн өткен сайын көрсеткішін жақсартып, соған сәйкес нәтижесі де дәйекті түрде жақсарып келеді. Командамыз жас және резерв тарапынан жақсы потенциал барын байқап отырмыз, - деді ол.
Айта кетерлігі, ол кеше ғана 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 51.98 уақыт көрсеткішімен үшінші болып келген еді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады