19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Елордалық өрт сөндірушілер 26 адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді.
21 ақпанда сағат 12-26-да Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Сарыарқа ауданы, Қосшығұлұлы көшесі, 22/1 мекенжайына шықты. Өрт сөндірушілер келгеннен кейін екінші қабаттағы пәтерде 25 шаршы метр аумақта жиһаз бен үй заттары жанып жатқаны анықталды.
Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен өртті сөндіру барысында құтқару маскалары мен автокөлік сатыларының көмегімен 26 адам құтқарылды, оның ішінде 13 бала және 125 адам эвакуацияланды.
Жедел жәрдем бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері ауруханаға одан әрі тексеру үшін 6 адам, оның ішінде 3 бала жеткізілуде.
Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 18 адамы және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары