20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстана қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейінің жазғы этнолагерінде ерекше экологиялық жоба таныстырылды. Оқушылардың табиғатты қорғауға бағытталған тың идеясы – «Эко-фонтан» жобасы көпшіліктің қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, жоба мектептегі STEAM бағыты мен экологиялық тәрбиенің ұштасқан нақты үлгісі бола білді.
«Эко-фонтан» – күн энергиясымен жұмыс істейтін, суды қайта айналымға жіберетін инновациялық жүйе. Фонтан табиғи ресурстарды үнемдеп қана қоймай, қалалық ортаға экологиялық және эстетикалық құндылық қосады. Жобаның негізгі мақсаты – суды және энергияны тиімді пайдалану арқылы қоршаған ортаны қорғау.
Фонтанның құрылымына келсек, күн панельдері арқылы қуат алатын сорғы жүйесі суды қайта айналдырады; су ысырапсыз пайдаланылып, қайта өңделеді; жасанды ағаштар, сәндік өсімдіктер мен тастар арқылы табиғи көрініс қалыптасады.
Оқушылар бұл жобаның маңызын үш бағытпен негіздеді: суды үнемдеу, энергияны тиімді пайдалану, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Эко-фонтан – тек техникалық жаңалық емес, бұл – табиғатпен үйлесімді өмір сүруді насихаттайтын тәрбие құралы. Мектеп ауласында, саябақтарда немесе қоғамдық орындарда қолдануға ыңғайлы мұндай жобалар елорданың экологиялық келбетін жақсартуға да үлес қосады, - делінген мәліметте.
Жоба авторы Әнел Кенжеханның айтуынша, фонтан арқылы балалар экологияны тек теориялық емес, практикалық түрде меңгеріп, күн энергиясының тиімділігін өз көздерімен көре алады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?