7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Оқу-ағарту министрлігі Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп «Таза Қазақстан» бастамасы мен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында балалар мен жасөспірімдер арасында экологиялық білімді ілгерілетуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акция жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Экологиялық марафонды өткізу кезінде елордалық 108 мектеп пен балабақша аумағында сібір алмасы, виргин жидегі және дөңгелек жапырақты ирги ағаштарының 2,5 мыңнан астам көшеті отырғызылды. Экологиялық акцияға №103 орта мектептің балаларымен бірге екі ведомствоның басшылары қатысты.
Балалардың бойында экологиялық мәдениет қалыптастыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын біз ерте жастан бастап сіңіруіміз керек. Бұл біздің табиғат алдындағы борышымыз ғана емес, сонымен қатар «Адал адам — Адал еңбек — Адал табыс» тұжырымдамасына сәйкес жаңа жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесіміз, — деді Ғани Бейсембаев.
Сондай-ақ балаларға фандоматпен жұмыс көрсетіліп, қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық сабақ өткізілді. Бос тараларды фандоматтарға тапсыру арқылы оқушылар ұпай жинай алады. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев атап өткендей, болашақта осындай аппараттарды басқа да білім беру ұйымдарында орнату жоспарлануда. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінде 80 мыңға жуық оқушы қатысатын «Жасыл клубтар» ашылды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?