15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?“Қарасора – 2023” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі сатты деген күдікпен екі азаматты анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олардың жалдамалы пәтерінен каннабис шайыры және марихуана есірткі заттарының үлкен партиясы табылып, тәркіленді.
Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы екі жарым келіден асады. Сонымен қатар, ол жерден стандартты құрылғылар да тәркіленді: электронды таразылар, скотч, изоленталар, полиэтилен пакеттер, маркерлер. Аталған факті бойынша сараптамалар, оның ішінде сот-химиялық сараптама тағайындалды. Есірткі құралдарын сату фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген Ішкі істер ведомствосы таратқан ақпаратта.
Қылмысқа қатысы бар 30 және 22 жастағы ер адамдар Астана қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Елорда аумағында есірткіні жеткізуге және өткізуге қатысы бар басқа да тұлғалар анықталып жатыр.
15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд