22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕлордалық этномәдени орталықтар балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгіліктерін өткізді.
Нақты айтқанда, «Ван» армян этномәдени орталығының жексенбілік мектебінің оқушылары мен ата-аналарының басын қосқан мерекелік іс-шарада Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қызметкері Артур Манасерян және Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА бас маманы Гүлнара Тайгокова құттықтау сөз сөйледі. Этномәдени орталық жастарының орындауында ұлттық билер мен көңіл көтерерлік әндер жиналған көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Кеш соңында барлық балаларға сыйлықтар үлестірілді.
Ал елордалық «Возрождение» немістер қоғамдық бірлестігі балақайларға жаңа жылдық көңіл күй сыйлаудан қалыс қалған жоқ. Оқушылар сарайының сахнасында үлкен Рождестволық концерт өтті. Көздің жауын алар әдемі безендірілген ортада Аяз ата, Ақшақар, фея және тағы басқа ертегі кейіпкерлері болды. «Wunderkind», «Spate Blumen», «Begeisterung» және тағы басқа вокалдық топтар мерекелік әннен шашу шашып, көрермендер этномәдени орталықтың көркемөнерпаздарының орындауында «Веселая Полька» «In der Weihnachtsbackerei», «Зимний вальс» билерін тамашалады.
Нұр-Сұлтан қаласы өзбек этномәдени орталығы елордалық Достық үйінің концерттік залында жаңа жылдық концерттік бағдарламасын ұсынды. Кеш барысында оқушылар көтеріңкі көніл күйге бөленіп, Аяз ата мен Ақшақарға өнер көрсеткен жастарға түрлі сый-сияпат көрсетілді. «Зие» жексенбілік мектебінің өнерпаз балалары ән салып, би билеп қана қоймай, ата-аналарымен бірге қызықты ойындар ойнады.
Өз алдына «Оберег» украиндар қоғамы» ҚБ «Балаларға қуаныш сыйла» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Жаңа жыл қарсаңында аз қамтылған отбасы балаларына жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар украиндық «Риднэ слово» жексенбілік мектебінде «Қысқы ойын-сауық» атты жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Балалар ән айтып, би биледі, түрлі конкурстарға қатысты. Хороводтар жүргізіп, көңіл көтерді. Аяз ата барша көрерменді мерекемен құттықтап, балаларға тәтті сыйлықтарын үлестірді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев