20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек17 қаңтарда сағат 10:30-да елордалық Достық үйінде этномәдени орталықтардың, Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, елордалық ҚХА Жастар қанаты мүшелерінің қатысуымен ҚХА еріктілер қозғалысы орталығының «Бірыңғай ашық есік күні» өтеді.
Іс-шара бағдарламасында еріктілер қызметінің тұсаукесері, осы жобаның мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру жоспарланған.
Еріктілер төрт бағыт бойынша жұмыс атқаратын болады. «Бірлік» - әлеуметтік. Бұл қоғамдық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу, мұқтаждарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, дүлей зілзалалар мен апаттардың құрбандарына көмек көрсету, тарихи ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру және т.б.
«Білім» - білім беру бағыты. Ол әр түрлі пәндер бойынша тегін сабақтар ұйымдастыруды, Достық үйі жанындағы тілдерді оқытуды, жетекші мамандардан бизнес-тренингтер ұйымдастыруды, мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау бойынша жұмысты, талапкерлерге ЖОО-ға түсу кезінде көмек көрсетуді, тәлімгерлік институтын танымал етуді және т.б. қамтитын болады.
«Тәрбие» спорттық бағыты аясында еріктілер спорттық-патриоттық іс-шараларды ұйымдастырады.
«Келісім» бағыты медиацияға қатысты. Ол даулар мен қоғамдық-әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?