Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕлордада қар мен мұзды күреу бойынша тәулік бойы жұмыс жүріп жатыр. Коммуналдық қызметтер қаланың барлық төрт ауданында екі ауысымды режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
7 ақпанға қараған түні қаладан 9,4 мың текше метр қар немесе 721 рейс жиналып, шығарылды.
Бүгін таңертең қар күреу жұмысына 2,1 мың жол жұмысшы және мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.
Қыс мезгілінің басынан бері елордадан 3 млн текше метрге жуық қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 236 мыңнан астам рейс жасалды.
Қала бойынша құм-тұз қоспасын себу жұмысы жүріп жатыр. Ол қала тұрғындарының емін-еркін жүруі үшін көшелерге, жолдарға, тротуарларға және адам көп жиналатын орындарға себіледі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді