20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлордадағы Ұлттық музейде Халықаралық музейлер күніне орай «Музейлер түні» атты ауқымды халықаралық акция өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ұлттық музейге барлығы 47 мыңнан астам адам барған. Осылайша өткен жылғы рекорд жаңартылды. Былтыр акцияға 30 мыңға жуық адам қатысқан.
Іс-шараға мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов та қатысып, алған әсерін бөлісті.
Ең алдымен, музейдің кіреберісіндегі бірнеше метрлік кезек пен келушілерге толы залдарға көзім түсті. Ауа райы мен кешкі уақыт болғанына қарамастан, адамдар отбасылармен келіп жатты. Осыған байланысты ауданы 74 мың шаршы метрді құрайтын және 200 мыңнан астам экспонаты бар елдегі ең үлкен музейге барлық тілек білдірушілер әрең сыйды, ал кейбір залдарда мүлдем ине шаншар орын болмады, - деді министр.
Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген Оралов Ұлттық музей қызметкерлерін кәсіби мерекемен және алдағы мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтады. Салтанатты рәсім барысында еліміздің әр өңірінен келген үздік музей қызметкерлері «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Ұлттық музей қабырғасында концерттік және ойын-сауық бағдарламасы, ойындар, квесттер, дәрістер, музей реставраторларының шеберлік сабақтары, қолөнершілер жәрмеңкесі, театрландырылған экскурсиялар және бірден бірнеше экспозиция ұйымдастырылды. Келушілер «Музейлер түніне» арнайы дайындалған кітап және авторлық қуыршақтар көрмесін тамашалауға мүмкіндік алды, сондай-ақ белгілі тарихшылар мен басқа да танымал тұлғалар экскурсия өткізген «Жұлдызды гид» жобасына қатысты.
Қазақстандықтардың өз мәдениетіне, тарихына және өнеріне деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Біздің міндетіміз — адамдарға еліміздің рухани мұрасымен танысуды қолжетімді ету. Оның ішінде осындай ауқымды іс-шаралар өткізу арқылы да аталған мақсатқа қол жеткіземіз деп ойлаймын, - деді Оралов.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?