20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҰлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге Ақтау гарнизонынан 150-ге жуық теңізші қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әскери теңізшілер елордада өтетін салтанатты шараға дайындығы қарқынды жүріп жатыр. Әртекті кемелер дивизионының жеке құрамынан 30-ға жуық теңізші, десантты-шабуылдаушы батальонынан 40 теңіз жаяу әскері, гидрографиялық қамтамасыз ету қызметінің 25 жауынгері және әскери-теңіз базасы басқармасының 30 әскери қызметшісі қатысады.
Олар қазір әскери-теңіз базасы мен әскери пирсте саптық дайындық элементтерін жетілдіруге жаттығып жатыр.
Бүгін біз саптық байқау өткіземіз. Содан кейін жеке құрамның күшейтілген дайындығы жалғасады. Көп ұзамай парадқа қатысатын әскери қызметшілер елордаға жол жүреді, – деп атап өтті әскери-теңіз базасының командирі полковник Есенғали Байботаев.
Дайындық әскери қызметшілерден қатаң тәртіп пен ұйымшылдықты талап етеді. Өйткені әр элемент жетілдірілуі керек. Теңізшілердің жаттығуы елордада Әскери-теңіз күштерінің сап дайындығын лайықты паш ете аларлық нақты жоспарға сәйкес ұйымдастырылған.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?