30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты
3 маусымнан бастап елордада Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен «Қазанат» ипподромында екі апта бойы Жамбы ату және теңге ілуден ересектер, жастар, жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді,- деп хабарлайды Baq.kz.
– Чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен жалпы саны 150-ден аса спортшы қатысады. Жамбы атудан ел чемпионаты корей, түрік және қазақ стильдері бойынша өтеді, – деді Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай.
Теңге ілу чемпионатының биылғы ерекшелігі – ережеге енген өзгеріске байланысты, іріктеу сындарына 5, финалдық кезеңде 7 теңгеден қойылады. Яғни жарысқа қатысушы ойын барысында жерден 5 теңге ілсе, финалда 7 теңгеден іледі. Жарыс жеңімпаздарына бас серіктес – Sport Qory қаржылай жүлде – 1,5 млн теңге тағайындаған.
Жарыстың ашылу салтанаты Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай, 4 маусым күні 10:00-де басталады. Ашылу салтанаты аясында төрт қашықтықта (тай, құнан, кіші аламан, аламан) бәйге жарысы болады.
Фото ulttyqatsport.kz алынды
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды