29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Елордада жалдамалы баспанаға ілінген тұрғындар белгілі болды, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
18-24 маусым аралығында үй кезегінде тұрған осал топтағы азаматтарға арналған 117 пәтердің (1,2,3 бөлмелі пәтерлер) иелері анықталды.
Бұл – сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы. Оның нәтижесін және баспаналы болғандардың тізімін zhilfond.kz сайтынан көруге болады.
Әлеуметтік жағынан осал топтар санаты бойынша 1 бөлмелі пәтерге - 2009 жылдың 11 ақпанына дейін, 2 бөлмелі пәтерге - 2010 жылдың 5 ақпанына дейін, 3 бөлмелі пәтерге - 2008 жылдың 18 тамызынаа дейін кезекте тұрғандар ие болды.
Жетім балалар санаты бойынша 1 бөлмелі пәтерге - 2010 жылдың 21 мамырына дейін, 2 бөлмелі пәтерге - 2012 жылдың 8 тамызына дейін, 3 бөлмелі пәтерге - 2012 жылдың 13 шілдесіне дейін кезекте тұрғандар өтті.
Бағдарлама бойынша өткендердің барлығына жақын арада тұрғын үй орталығының қызметкерлері қоңырау шалып, әрі қарай не істеу керектігін хабарлайды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек