29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыНұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы апта сайын үй жанындағы дүкендердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізеді. Мониторинг барысында 1 мыңнан астам дүкен қамтылып, нәтижесінде бағаның сауда үстемесінен асып кетуі, көкөніс пен сүт өнімдерін сақтау талаптарының сақталмауы анықталды.
– Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпкер тауарға баға белгісінің болуын және шекті сауда үстемесінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Басқарма баға белгілерінің болмағаны және сауда үстемесінің 15% асып кеткені үшін кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын хабарлайды. Сол сияқты үй жанындағы дүкендердің иелері санитарлық нормаларды сақтауы қажет, оның ішінде тез бұзылатын өнімдерді сақтау бойынша: тоңазытқыш камераларды сөндірмеу, сүт өнімдері секторын стеллаждармен жабдықтау, ауаның төмен температурасы мен ылғалдылығын бақылау, сондай-ақ сауда-саттық кезінде белгілі бір жарық режимін сақтау. Коммуналдық төлемдерді үнемдеу елорда тұрғындарының денсаулығына қауіп төндіреді, – делінген әкімдік мәліметінде.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек