Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек3 қараша күні сағат 15:00-де, Еуразия Ұлттық Университетінде Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ елордалық ЖОО түлектері мен жұмыссыз жастар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды El.kz
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің негізгі мақсаты жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылады.
Жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ үш бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізген болатын, оған елорданың 126-дан астам жұмыс беруші, 1200-ден астам жастар мен студенттер қатысты және 800-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды, оның барысында 150-ге жуық адам жұмысқа орналастырылды.
Бос орындар жәрмеңкесіне қаланың 30-дан астам жұмыс берушілері қатысады, олар өз бос орындарын ұсынады. Бұл елорда жастары үшін өздері қалаған саладағы бос жұмыс орындарын зерделеуге және бірнеше жұмыс берушілермен бір жерде тікелей сөйлесуге тамаша мүмкіндік.
Аталмыш іс-шараларға қатысу келешекте өзінің мансаптық жолын бастағалы отырған жас буын үшін маңызды, өйткені осындай іс-шаралардың келесідей артықшылықтары бар: компания өкілдерімен жеке қарым-қатынас жасау мүмкіндігі, сондай-ақ жастарды қызықтыратын сұрақтар қоюға және компания туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?