Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлордада қардың мол жаууына байланысты күндіз-түні жұмыс істеп жүрген коммуналдық қызметкерлерге арнап «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мейірімділік іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауа райына байланысты елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, жолдар мен тротуарларды қардан уақтылы тазартуды қамтамасыз етуде. Олардың тынымсыз еңбегін қолдау мақсатында кезекті игі шара ұйымдастырылды. Нұра ауданында коммуналдық қызметкерлерге қолайсыз ауа райында дем беру үшін ыстық тамақ пен тәтті шай таратылды.
Ал Есіл ауданында «Астана жастары» ЖРО соңғы уақытта трендке айналған видеоны қайталап, коммуналдық қызметкерлердің алақанын шоколадқа толтырды.
Бұл кішігірім, бірақ қамқорлық белгісі қала игілігі үшін күнделікті еңбек ететін адамдарды қолдауға бағытталған акциялардың ортақ дәстүріне айналды.
«Біздің жұмысымыз, әсіресе қарлы күндері, оңай емес. Бірақ жұрттың қолдауы мен қамқорлығы қуантатыны сөзсіз», – деп бөлісті «Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлерінің бірі.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?