20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек12 желтоқсанда сағат 14.30-да Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде (Б.Момышұлы, 24/9) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.
Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Е. Әбіл, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры З. Шаукенова, ҚХА мүшелері, Ғылыми-сарапшылық кеңесі мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА аймақтық ғылыми-сарапшылық топтары мен кафедралары, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысады деп күтілуде.
Шара барысында Ассамблеяның ғылыми-сарапшылық бағыты бойынша тапсырмалардың орындалу барысы, Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жұмыс нәтижесі, сондай-ақ «Қазақстандағы этностар: ел дамуына қосқан үлесі» жобасының жүзеге асуы және жалпы зерттелуі бойынша жұмыс жоспарының орындалу барысы сияқты бірқатар маңызды сұрақтар талқыланбақ.
Шара соңында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің моделіне арналған үздік ғылыми жоба сайысының жеңімпаздары марапатталады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?