29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Елордадағы Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионның орнына жаңа стадион салынады, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Құрылыс басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Басқарма мәліметінше, осыдан 2 жыл бұрын стадионға техникалық тексеру жүргізілген. Нәтижесінде нысанның апатты жағдайда тұрғаны анықталған. Атап айтқанда, құрылыс конструкциялары тозған.
Сонымен қатар стадионға былтыр да қосымша техникалық тексеру жасалды. Қорытындысында нысан құлау қауіпінің алдына тұрғаны белгілі болды. Оның қабырғалары мен басты тірек бағаналары тозған.
Осыған байланысты қолданыстағы стадионның орнына жаңа стадион салу жоспарланған. Бүгінде жаңа стадионды жобалауға қатысты жүргізілген кешенді сараптама нәтижесінде құрылысқа рұқсат берілді.
–Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында объект енді пайдаланылмайды. Сондай-ақ, оған іргелес аумақтарға кіру шектеледі. Стадионның техникалық жағдайына қосымша тексеру жүргізу туралы шешім төтенше жағдайлар департаментіне қатысты тергеуден кейін белгілі болады, – деп хабарлады Құрылыс басқармасының баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, елордадағы орталық стадионды жарамсыз деп тану үшін Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы пара алды деген күдікке ілінген болатын.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек