29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары13-22 шілде аралығында Мәңгілік ел даңғылы бойында жол қабатын жөндеу жұмыстары жүргізілмек, деп хабарлайды El.kz Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жөндеу жұмыстары кезінде № 15, 15А, 19, 35, 70, 43, 46, 61, 21 және 32 автобустар уақытша Түркістан көшесімен жүреді.
Көлік құралдарының қозғалысы ішінара, яғни Керей-Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін Мәңгілік ел даңғылымен, сондай-ақ Конституциялық кеңес жақтан Алматы көшесіне дейін бір бағытта ғана кварталішілік жолмен ұйымдастырылады.
«Қауіпсіздік үшін және көлік кептелісін туындатпау мақсатында жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскелерде өте мұқият болу және бағытты алдын ала жоспарлау сұралады», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек