20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек
Елордада 42,2 және 10 шақырымдық қашықтықта жүгіруден Халықаралық Astana Marathon 2022 өтті, деп хабарлайды El.kz.
Халықаралық марафонда Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов 10 км қашықтыққа жүгіруден қатысты. Сонымен қатар, елордалық спортшылар, жүгіру клубтары, мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдардың басшылары және белгілі қоғам қайраткерлерінен де қатысқандар болды.
«Қазақстанда алғашқы марафон 2009 жылы басталды. Ол кезде 7 шақырымға жүгірген болатын. Ал, алғашқы 42,2 шақырымға жүгіру марафоны 2015 жылы өтті. Содан бері жыл сайын марафон ұйымдастырылып келеді. 2020 жылы Халықаралық атлетика ұйымдастырушылары Astana Marathon-ға қола жүлде табыстаған болатын. Бұл үлкен марапат, себебі, біз Азиядағы ерлер және әйелдер арасындағы категория бойынша ең жылдам марафондардың көшбасшысымыз. Сондықтан біздің қаламыз рекордтар орнатуға қолайлы жер болып отыр», - деді Astana Marathon негізін қалаушы, ұйымдастырушы Гаухар Брамлейфентон.
Сондай-ақ, Халықаралық марафонға Қазақстанның әртүрлі қалаларынан және Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланды, Испания, Италия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Моңғолия және басқа елдерден 2,5 мыңға жуық адам қатысты. 42.2 км қашықтықтағы марафоншылардың 92,76% ерлер және 7,24% әйелдер құрайды. 10 км-де 66,43% ерлер мен 33,57% әйелдер болды.
10 шақырымға жүгіруден мәреге бірінші болып ерлер арасында Петропавловск қаласынан келген Вадим Левченков жеңімпаз атанды. Ал, әйелдер арасында Петропавловск қаласынан келген Айжан Аржаникова бірінші болып мәре сызығын аттады.
Халықаралық марафонда жалпы қатысушыларға 2 сағат уақыт берілді. Қатысушылардың денсаулығын қадағалау үшін медицина мамандары мен еріктілер көмек көрсетті.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?