15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Елордада тамыз айының басынан бастап қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Тоқта, вандал» акциясы өткізіледі. Қазір жұмыс қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен, 16 тамызда түнгі уақытта ер адам Риксос қонақ үйіндегі пабтардың бірінде құны жарты миллион теңгеден асатын есікті сындырды. Тәртіп сақшылары оны ұстау және жауапқа тарту бойынша жедел шаралар қабылдады. Сот оған 48 300 теңге көлемінде айыппұл салу туралы үкім шығарды.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада ұсақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын іске асыру шеңберінде ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша «ұсақ бұзақылық» бойынша 555 хаттама жасалды. Оның ішінде қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны, жеке тұлғаларды қорлағаны, ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдалану орындарын, көліктегі мүлікті және басқа да мүлікті бүлдіргені, қоғамдық орындарда өзгелерді құрметтемегені, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзғаны үшін толтырылған хаттамалар бар.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада белгілі қоғам қайраткерлері құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп «Тоқта, вандал» акциясы аясында аудандар бойынша тұрақты негізде түнгі рейдтер өткізеді.
15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд