Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЕлордада "Astana Piano Passion" байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
“Astana Piano Passion”Қазақстандық фортепиано меткебі тарихында алғаш рет жас дарындарға арналған республикалық конкурс. Конкурсқа 61 бала қатысып, финалға 23 бала өтті. Байқау 3 кезеңнен тұрды. Жалпы, жас ерекшелігі бойынша 3 топқа бөлініп қатысты”, - деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, қазылар алқасының мүшесі Сара Асаубаева.
Байқау ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтті.
“Байқаудың ерекшелігі, іріктеу туры барысында қазылар алқасы еліміздің барлық облыс орталықтарына барып, конкурсқа қатысушыларды іріктеді. Сондай-ақ, шеберлік сыныптары мен дөңгелек үстелдер өткіздік. Байқауға 7-17 жас аралығындағы жас пианистер қатысты. Жеңімпаздарға арнайы ақшалай жүлделер мен сертификаттар табысталады”,- деді Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Айман Мұсақожаева.
“Astana Piano Passion” байқауы аясында концерт өтіп, жеңімпаздар марапатталды. Кіші топ бойынша 1 орын - Жансая Оңғарбаева, Орта топ бойынша 1 орын - Александр Волокитин, Үлкен топтан гран-при - Жұлдыз Ержеңіс, 1 орын - Батыржан Танкеев.
Сонымен қатар, Серікхан Жандарға арнайы “Үміт” сыйлығы табысталды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?