19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?24 тамызда Астанада тұңғыш рет Жоғары білім және ғылым форумы өтеді. Форумның тақырыбы елдің экономикалық өсуінің негізі ретінде адами капиталды дамытуға арналады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Форум аясында Назарбаев Университетінде және IT-Университетте жоғары білім және ғылым, Л.Н. Гумилева атындағы ЕҰУ-да тіл саясаты бойынша тақырыптық секциялық отырыстар өткізу жоспарлануда.
Форумның пленарлық отырысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов форум қатысушыларына видео арқылы құттықтау сөз сөйлейді.
Сондай-ақ, форумда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, профессор, Heriot-Watt University проректорының орынбасары (академиялық басшылық) Тadhg O'donovan, Қазақстандағы De Montfort университетінің президенті Sakina Zafar, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев және басқалар сөз сөйлейді.
Форумның секциялық отырыстары министрліктің Facebook және YouTube парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары