7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Астанада Тәжікстан Республикасының Соғды облысынан әкелінген ауылшаруашылық өнімдері мен қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ашылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, Тәжікстаннан келген кәсіпкерлер мың тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдерін сатылымға ұсынды. Оның ішінде жаңа піскен жеміс-жидек пен көкөністер, кептірілген жемістер, жаңғақтар және бақша дақылдары бар.
Келушілер сондай-ақ ғасырлар бойғы дәстүрді сақтаған тәжік қолөнерінің бірегей бұйымдарын сатып ала алады.
Жәрмеңкеде ұлттық тағамдар да сатуға ұсынылған. Күн сайын 10 қазанда кемінде 1 тонна палау дайындалып, 6 тандырда 5 мыңнан астам нан мен самса пісіріледі.
Сонымен қатар ұйымдастырушылар Тәжікстаннан келген әртістер мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен ерекше концерттік бағдарлама әзірледі.
Іс-шараның басты мақсаты – шағын және орта бизнестегі мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту мен қолдау, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени және экономикалық байланысты нығайту.
Бұл – тек базар емес, нағыз мәдени оқиға. Мұндағы атмосфера сондай ерекше, шынымен де шығыс базарында жүргендей әсер қалдырады. Біз мұнда тек өнімдер мен кәдесыйлар алып қана қоймай, тәжік мәдениетінің рухын сезіндік, – деді іс-шара қонақтарының бірі.
Жәрмеңке 16 тамыз күні сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін, ал 17 тамызда 10:00-ден 19:00-ге дейін «Барыс Арена» мұз сарайының алдындағы алаңда (Тұран даңғылы, 57) өтеді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?