Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанада «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, Президенттік саябақ пен өзен жағалауы аумағында қоғамдық кеңістіктердің тазалығын сақтау, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық рейд өткізілді.
Іс-шара аудан әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен Полиция басқармасы, аудан прокуратурасы және Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен өтті.
Рейд барысында демалушылар арасында қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, қоқысты арнайы орындарға тастау, қоғамдық тәртіпті сақтау және демалыс мәдениетін қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, рұқсатсыз сауда жасау жағдайларының алдын алу, азаматтарға рұқсат етілмеген орындарда суға түсуге болмайтынын ескерту және судағы қауіпсіздік қағидаларын түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өзен акваториясында патрульдеу жүргізіп, су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылады.
Осыған орай, Сарайшық ауданы Полиция басқармасының Экология бөлімінің инспекторы Азамат Қалдыбаев пікір білдірді.
«Елдегі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акция рейд жүргізілді. Іс-шара барысында ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 501 бабының 1 бөліміне сәйкес, абаттандыру қағидаларын бұзу фактілер анықталып, құқық бұзушылыққа тиісті әкімшілік хаттамалар қабылданды», – деді ол.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді