Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанада Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының «Ертіс концерт» КМҚК ШҚО әкімі симфониялық оркестрінің бас дирижеры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері А.Галсановтың жетекшілігімен «Классикалық музыка кеші» атты концерті өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, концерттік бағдарламада қазақстандық және шетелдік белгілі композиторлардың вокалдық, классикалық және аспаптық шығармалары орындалады.
Сонымен қатар бұл іс-шарада «Ертіс концерт» КМҚК халықаралық және республикалық байқауларының лауреаттары Ботагөз Жұмабекова, Жанат Бисимбаев, Арника Байбусынова, Абай Каиырбек, Дарын Бисаринов, Мәдениет саласының үздігі Айжан Мазкенова, ҚР Мәдениет қайраткері Альмира Нургожина, ҚР еңбек сіңірген әртісі Вячеслав Ткач өнер көрсетеді, - делінген мәліметте.
Концерт 21 қаңтар күні сағат 16:00-де Астана қаласы Ұлы дала 43 мекенжайында орналасқан «Astana Ballet» театрында өтеді.
Кіру тегін.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді