Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталдыАстанада Kazakhstan Chess Cup – шахматтан Қазақстан Кубогының бірінші кезеңі аяқталды. Бұл туралы елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тартысты өткен ойын барысында турнирдегі жеңіс 15 жастағы қазақстандық шахматшы Алдияр Ансатқа (FIDE рейтингі – 2317) бұйырды. Бәсекеде жас шахматшы кубокқа қатысқан бірқатар атақты гроссмейстерді жеңді.
Турнир барысында Алдияр 7,5 ұпай жинады. Армениялық гроссмейстер Шант Саргсян (2630) екінші орынды, украиналық Александр Моисеенко (2573) үшінші орынды, FIDE атынан өнер көрсеткен Алексей Гоганов (2525) төртінші орынды иеленді. Бесінші орынды ирандық Данешвар Бардия (2540), алтыншы орынды АҚШ-тан келген Ханс Ниманн (2706) алды.
Ардагерлер арасында бірінші орынды астаналық Фазиль Гусейнов, екінші орынды тараздық Айтқазы Баймурзин, үшінші орынды павлодарлық Төлеген Нукин жеңіп алды.
Әйелдер арасында бірінші орынды екі апта бұрын Қазақстан Республикасының әйелдер құрамасының әлем әйелдер құрамасына қарсы өткен турнирінде өзін ерекше танытқан алматылық әйелдер арасындағы халықаралық шебер Алуа Нұрманова иеленді.
Екінші орын шымкенттік Аяулым Қалдароваға бұйырса, үшінші орынға астаналық Әмина Қайырбекова тұрақтады.
Турнирге әлемнің 16 елінен 167 шахматшы қатысты.
Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады